Шанхай қ. Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Шанхай қ. Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Шанхай, 6 наурыз 2024 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі Басшысының орынбасары Е Лянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Шанхай қаласы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сондай-ақ 2024 жылы бірлескен іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады.