Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Цзянсу провинциясы мен Шанхай қаласына барды

Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Цзянсу провинциясы мен Шанхай қаласына барды

Нанкин, Сучжоу, Шанхай, 2024 жылғы 23-26 қаңтар – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Ж.Шаймарданов бастаған қазақстандық делегация Нанкин, Сучжоу (Цзянсу провинциясы) және Шанхай қалаларына жұмыс сапарымен барды.

Цзянсу провинциясына сапары аясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Ж.Шаймарданов Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің төрағасы Сю Куньлинмен және Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің бірқатар мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Нанкин және Сучжоу қалаларының басшылығымен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, Шанхай қаласында қазақстандық делегация Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының және Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының сарапшыларымен кездесулер өткізді.