
Сучжоу, 2024 жылғы 17 қаңтар – ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі А.Тамабек бастаған Қазақстандық делегация Қытайдың ірі инновациялық және индустриялық орталықтарының бірі болып табылатын Сучжоу қаласына (Цзянсу провинциясы) жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Тамабек Сучжоу қаласының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Тан Сяодунмен кездесу өткізді. Осы кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қытай сауда-инвестициялық және инновациялық өзара іс-қимылын дамыту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстандық делегация Сучжоу индустриялық паркі мен ауыл шаруашылығы ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруге маманданған «Eavision Robotic Technologies Co., Ltd.» компаниясына барды.