Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шығыс Қытай педагогикалық университетінің басшылығымен кездесті

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шығыс Қытай педагогикалық университетінің басшылығымен кездесті

Шанхай, 2024 жылғы 8 қаңтар – Қазақстан-Қытай ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шығыс Қытай педагогикалық университетінің (ШҚПУ) Халықаралық ынтымақтастық және байланыс департаментінің директоры Ду Чжэньюймен, ШҚПУ Қазақстанды зерттеу орталығының атқарушы директоры Ван Хайян және Беларусьті зерттеу орталығының директоры Бэй Вэнлимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар білім және ғылым салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім іс-шараларын өткізу перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы мен Шығыс Қытай педагогикалық университеті арасында 2024 жылы бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізу мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға келісті.

Шығыс Қытай педагогикалық университеті 1951 жылы құрылған және Қытайдағы ең ірі мемлекеттік оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл университеттің құрамына әртүрлі факультеттер, мектептер, колледждер, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар мен зертханалар кіреді. Сонымен қатар, бұл университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары аясында әртүрлі гуманитарлық және техникалық мамандықтар оқытылады.

ШҚПУ Қазақстанды зерттеу орталығы Қазақстан-Қытай қатынастарын зерделеу, сондай-ақ түрлі ғылыми-білім іс-шараларын өткізу мәселелерімен айналысатын Қытайдың маңызды ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады.