Қазақстанның Шанхайдағы достар клубы өзінің екінші отырысын өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы достар клубы өзінің екінші отырысын өткізді

Шанхай, 2023 жылғы 21 желтоқсан – Қазақстан-Қытай ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында ҚР Бас консулдығы Қазақстанның Шанхайдағы достар клубының екінші отырысын өткізді.

Аталған іс-шара жұмысына Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының, Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің және Шығыс Қытай педагогикалық университеті сияқты жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жалпы, Қазақстанның Шанхайдағы достар клубының екінші отырысы жылы және достық атмосферада өтті, оның барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын одан әрі дамытуға байланысты көптеген мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.