
Шанхай, 2023 жылғы 9 желтоқсан – Қазақстан-Қытай туристік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы Ақтөбе облысының әкімдігіне «Visit Aqtobe 2023» туристік роуд-шоуын өткізуге жәрдем көрсетті.
Аталған іс-шараның жұмысына Шанхай қ. және Чжэцзян провинциясының 40-қа жуық түрлі туризм, қонақ үй, денсаулық сақтау, сыртқы сауда, инвестициялар, қаржы және ақпараттық технологиялар салаларының мемлекеттік ведомстволар, ұйымдар мен компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.
«Visit Aqtobe 2023» роуд-шоуы аясында туристік мүмкіндіктер, танымал туристік маршруттар, сондай-ақ Ақтөбе облысының негізгі мәдени және тарихи көрікті жерлері таныстырылды. Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында ақтөбелік дизайнерлер, қолөнершілер мен зергерлер әйелдер көйлектерінің сәнді топтамаларын, бірегей ұлттық кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарды көрсетті. Іс-шараға қатысушылар Ақтөбе облысында дайындалған түрлі кондитерлік өнімдердің дәмін татуға қатысты. Роуд-шоудың қорытындысы бойынша екі елдің іскер топтары арасында кездесулер өтті.
Жалпы, қытайлық іскер топтар өкілдерінің көпшілігі Шанхайда алғаш рет өткен «Visit Aqtobe 2023» туристік роуд-шоуының мазмұны мен практикалық бағытын атап өтіп, жақын арада осындай іс-шараларды көбірек ұйымдастыруға үміт білдірді.