Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайда жұмыс сапарымен болды

Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайда жұмыс сапарымен болды

2023 ж. 14-15 қыркүйекте қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Р.Скляр жұмыс сапарымен Қытайдың ең ірі көлік-логистикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылатын Ляньюньган (ҚХР) қаласына барды.

Сапар аясында Р.Скляр «Қытай-Еуропа» жүк пойыздар ынтымақтастық форумының ашылу салтанатына қатысты, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың форум ұйымдастырушыларына және қатысушыларына арналған жолдауын оқыды.

Айта кету керек, форумның ашылу салтанатына ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсян, Цзянсу өлкесі мен Қытайдың мемлекеттік органдарының басшылығы, сондай-ақ Қытайда аккредиттелген шетелдік елшіліктер мен әлемнің түрлі елдерінің көлік ведомстволары қатысты.

Сапар барысында Р.Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді, онда тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының сауда-экономикалық, транзит-көліктік және инвестициялық бағыттарының кең ауқымын талқылады.

Қазақстандық делегация басшысы Цзянсу өлкесі Халық үкіметінің төрағасы Сю Куньлинмен, сондай-ақ «CRRC Group», «XCMG Group», «Ace Group», «China Xinxin Group» және «China Nonferrous Metal Industry' s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd» сияқты ірі қытайлық индустриялық, көліктік-логистикалық, металлургиялық және құрылыс компанияларының басшылығымен кездесті.

Жұмыс сапарының соңында Р.Скляр «Ляньюньган қ. Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнында болып, кәсіпорынның басшылығымен кездесіп, оның негізгі қызметімен танысты.