
Шанхай, 17 тамыз 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Уси қ. (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің меңгерушісі Чжан Имен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Уси қаласының арасындағы сауда-инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Уси қ. (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.