Шанхайда Чанчжоу қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өтті

Шанхайда Чанчжоу қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өтті

Шанхай, 3 тамыз 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Чанчжоу қ. (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Шэнь Лянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Чанчжоу қаласы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және мәдени-білім беру өзара іс-қимылын кеңейту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Чанчжоу (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.