
Шанхай, 27 шілде 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытай халықаралық импорттық көрмесі (ҚХИК) бюросының Көрмелер департаментінің директоры Цуй Инмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Цуй Ин ҚХИК Бюросының 6-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесіне (5-10 қараша 2023 ж., Шанхай қ.) дайындық жұмыстары туралы хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен ҚХИК Бюросы арасындағы жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.
ҚХИК Бюросының ақпараты бойынша, 6-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесі 2023 жылғы 5-10 қарашада Мемлекеттік көрме және конференц-орталығында (Шанхай қ.) «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» тақырыбында өтеді.