Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Цзянсу провинциясының Халық үкіметі Коммерция департаментінің басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Цзянсу провинциясының Халық үкіметі Коммерция департаментінің басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 25 шілде 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Цзянсу провинциясы Халық үкіметі Коммерция департаменті директорының орынбасары Тан Дацзюньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылын одан әрі нығайту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық өзара іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Цзянсу провинциясы Халық үкіметі Коммерция департаменті арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.