Шанхайда Аньхуэй провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өтті

Шанхайда Аньхуэй провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен кездесу өтті

Шанхай, 13 шілде 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Аньхуэй провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Ян Сяолинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Аньхуэй провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-инвестициялық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Аньхуэй провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.