Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 15 маусым 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Хуан Сяоянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Цзянси провинциясы арасындағы сауда-инвестициялық және мәдени-білім беру өзара іс-қимылын одан әрі нығайту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.