
Сямынь, 30 мамыр – 1 маусым 2023 жыл – Жетісу облысының Әкімі Б.Исабаев бастаған Жетісу облысының делегациясы Қытайдың ірі инновациялық, сауда, өнеркәсіп және көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылатын Фуцзянь провинциясына жұмыс сапарымен келді.
Осы сапар барысында Жетісу облысының Әкімі Б.Исабаев Сямынь қаласының Халық үкіметінің Төрағасы Хуан Вэньхуэймен және Сямынь қаласының Халық үкіметі Төрағасының орынбасары Ляо Хуашэнмен кездесулер өткізді. Аталған кездесулер барысында тараптар Жетісу облысы мен Фуцзянь провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және мәдени-білім беру ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.
Аталған сапар аясында Жетісу облысының Әкімі Б.Исабаев Фуцзянь провинциясының ірі логистикалық, инвестициялық, энергетикалық және өнеркәсіптік компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Жетісу облысының делегациясы Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық симпозиумына қатысып, «Шимэньао» (Путянь қ.) Жаңа материалдардың өнеркәсіптік паркіне барды.