Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Қытай халықаралық импорттық көрме бюросының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы  Қытай халықаралық импорттық көрме бюросының басшылығымен кездесу өткізді

Шанхай, 2023 жылғы 24 сәуір - Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытай халықаралық импорттық көрме бюросының (ҚХИКБ) Көрмелер департаментінің директоры Цуй Инмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Цуй Ин ҚХИКБ-нің 6-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесіне (2023 ж. 5-10 қараша, Шанхай қ.) дайындық жұмыстары туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен ҚХИКБ арасындағы жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.

ҚХИКБ ақпараты бойынша, 6-шы Қытай халықаралық импорттық көрмесі 2023 жылғы 5-10 қарашада Мемлекеттік көрме және конференц-орталығында (Шанхай қ.) «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» тақырыбында өтеді.