
Шанхай, 2023 жылғы 7 наурыз – Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов «Пудун» Жаңа ауданынның (Шанхай қ.) Қытай халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Цю Сянжунмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен «Пудун» Жаңа ауданы (Шанхай қ.) арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен «Пудун» Жаңа ауданынның (Шанхай қ.) Қытай халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.