Шанхайда Ханчжоу қаласымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Шанхайда Ханчжоу қаласымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Шанхай, 2023 жылғы 2 наурыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Ханчжоу қаласының (Чжэцзян провинциясы) Қытай халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті (ҚХСЖК) төрағасының орынбасары Шэнь Сяотинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Ханчжоу қаласы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Ханчжоу қаласының ҚХСЖК арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.

Ханчжоу қаласындағы ҚХСЖК жұмысының негізгі бағыттары Ханчжоу қаласының шет елдермен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылын ілгерілету, сондай-ақ сауда, инвестициялар және төрелік салаларындағы Қытай және шетелдік кәсіпорындарға жәрдем көрсету болып табылады.