
Ханчжоу, 15 ақпан 2023 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК АҚ ҚХР Өкілдігімен бірлесіп «Джили-Моторс» ЖШҚ Бас директоры Чжан Шоухэ және «Geely Automobile International Corporation» компаниясының Бизнесті дамыту департаментінің директоры Ян Каймен кездесу өткізді. Айта кету керек, бұл компания Қытайдағы ең ірі автомобиль концерндерінің бірі болып табылады.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.