
Ханчжоу, 15 ақпан 2023 жыл - Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК АҚ-ның ҚХР Өкілдігімен бірлесіп «Hangzhou Hikvision Digital Technology Co.Ltd.» компаниясының Вице-президенті Чжан Лянмен кездесу өткізді. Айта кету керек, «Hangzhou Hikvision Digital Technology Cо., Ltd.» Қытайдың ірі инновациялық және өнеркәсіптік компанияларының бірі болып табылады.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.