Чжэцзян қаржы-экономикалық университеті Қазақстан университеттерімен ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге дайын екендігін білдірді

Чжэцзян қаржы-экономикалық университеті Қазақстан университеттерімен ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге дайын екендігін білдірді

Ханчжоу, 13 ақпан 2023 жыл – Чжэцзян қаржы-экономикалық университеті (ЧҚЭУ) басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы оқу орнына барып, ЧҚЭУ проректоры Ли Чжаньчжунмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар білім және ғылым салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізу перспективаларын талқылады.

ЧҚЭУ сапары барысында 2018 жылы құрылған Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық қатынастарын зерттеу мәселелерімен айналысатын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы көрсетілді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы атынан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының кітап қорына Қазақстанның табиғи және мәдени көрікті жерлерін көрсететін түрлі кітаптар, журналдар мен фотоальбомдар табысталды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Чжэцзян қаржы-экономикалық университеті арасында, оның ішінде 2023 жылы бірлескен ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға келісті.

Чжэцзян қаржы-экономикалық университеті (ЧҚЭУ) 1974 жылы құрылған Қытайдың жетекші мемлекеттік көпсалалы оқу орындарының бірі болып табылады. ЧҚЭУ негізінен қаржы, экономика, бизнес және инженерлік ғылымдар салаларында маманданған.