Шанхайда Ляньюньган қаласымен сауда-инвестициялық өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

Шанхайда Ляньюньган қаласымен сауда-инвестициялық өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

Шанхай, 10 ақпан 2023 жыл – Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов Ляньюньган қаласындағы (Цзянсу провинциясы) Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитетінің (ҚХСЖК) төрағасы Пин Хаошэнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Ляньюньган қаласы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады.

Ляньюньган қаласындағы ҚХСЖК жұмысының негізгі бағыттары Ляньюньган қаласының шет елдермен сауда-инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету, сондай-ақ халықаралық төрелік саласындағы қытай және шетелдік кәсіпорындарға жәрдем көрсету болып табылады.