
«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 419 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы 2020 жылғы 1–30 қазан аралығындағы кезеңде өткізу мерзімдері
(бұдан әрі – халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.
Жоспарға және «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген)
(бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары саласы бойынша (дипломатиялық корпус) қызметтік міндеттерді орындауға немесе ұзақ қызметтік іссапарға (олармен бірге жүрген отбасының мүшелерін қоса алғанда) байланысты 12 ай және одан көп мерзімге шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ қызметтік іссапарға, келісімшарт бойынша жұмысқа, оқуға
(«Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса алғанда – олардың елдегі болмаған мерзіміне қарамастан) 12 айдан аз мерзімге шетелге кеткен адамдар; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және шетелге демалуға, емделуге, туыстарына немесе таныстарына қонаққа уақытша кеткен адамдар (олардың болмау мерзіміне қарамастан) (бұдан әрі – шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары) жатады.
Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен өткізіледі:
1) интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы (Қазақстан Республикасының аумағында);
2) халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күн халық санағы Интернет желісі арқылы «www.sanaq.gov.kz» мамандандырылған сайтында онлайн режимде өткізіледі.
Шет елде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын санақтан өткізу тәртібі
Шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары «www.sanaq.gov.kz» сайтында электрондық санақ парақтарын онлайн-режимде өз бетінше толтыру арқылы өтеді. Қазақстан Республикасы азаматтарының санақтан өз бетінше өту мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР шетелдегі мекемелері үй-жаймен және Қазақстан Республикасының азаматтарын баланстағы бар ұйымдастыру техникаларынан Интернетке шығатын компьютермен қамтмасыз етеді.
Санақтан Интернет желісі арқылы онлайн режимде өту кезінде шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары «www.sanaq.gov.kz» сайтында тіркеуден өтулері тиіс.Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін, оларға толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде
ҚР ҰЭМ СК Санақ деректерінің базасына түседі.