
Шанхай, 2022 жылғы 25 қараша – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов «Хунцяо» импорттық тауарлар сауда-көрме орталығының Бас менеджері Цай Цзюнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ 2023 жылы бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізу талқылады.