
Шанхай, 2022 жылғы 22 қараша – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов, шетелдік бас консулдықтар, бауырлас қалалардың өкілдіктері, шетелдік сауда-өнеркәсіп палаталары, компаниялар, сарапшылар мен ғалымдар Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі (ҚХСКК) Шанхай қалалық комитетінің (ШҚК) жыл сайынғы брифингіне қатысты.
Айта кету керек, бұл брифингке ҚХСКК ШҚК және Шанхайдың кейбір мемлекеттік органдарының, сондай-ақ 56 шетелдік бас консулдықтар, 5 бауырлас қалалардың өкілдіктері, 4 шетелдік сауда-өнеркәсіп палаталары, 12 компания басшылары мен өкілдері және 7 ғалым қатысты.
Аталған іс-шара барысында ҚХСКК ШҚК төрағасы Дун Юньху және ҚХСКК ШҚК төрағасының орынбасары Ли Ипин брифингке қатысушыларды Шанхайдың маңызды әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен, сондай-ақ 2022 жылғы ҚХСКК ШҚК қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, осы брифингте кейбір шетелдік қатысушылар құттықтау сөз сөйледі.