Шанхайда №294 сайлау учаскесі ашылды

Шанхайда №294 сайлау учаскесі ашылды

Шанхай, 2022 жылғы 20 қараша – Астана уақыты бойынша сағат 5.00-де (жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де) Қазақстан Республикасы Бас консулдығының ғимаратында №294 сайлау учаскесі ашылып, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды.

№294 сайлау учаскесінде Шанхай қаласындағы, сондай-ақ Цзянсу, Чжэцзян, Аньхуэй, Цзянси және Фуцзянь провинцияларында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс бере алады.

№294 сайлау учаскесінде бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына алғаш рет қатысып отырған Шанхай университетінің студенті Бейсенова Камилла Нұрланқызы дауыс берді.