Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы сауда-инвестициялық дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы сауда-инвестициялық дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Шанхай, 2022 жылғы 8 қараша – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытайдың тоқыма импорт және экспорт жөніндегі сауда палатасы мен Қытай экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясының Шанхай филиалы және «Orient International (Holding) Co., Ltd» ұйымдастырған «Шығыс бағыттағы «Бір белдеу, бір жол» 4-ші дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Аталған іс-шараның жұмысына өз елдерінің сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырған бірқатар шетелдік елшіліктер мен бас консулдықтардың басшылары мен өкілдері қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына қатысатын қаржы және сауда-өнеркәсіп ұйымдары, сондай-ақ Қытайдың 20-дан астам сыртқы сауда, инвестициялық, азық-түлік және тоқыма кәсіпорындары өз қызметі туралы және халықаралық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Жалпы, аталған іс-шараның жұмысына қатысқан бірқатар қытайлық кәсіпорындар Қазақстанның мүдделі компанияларымен өзара тиімді сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жолға қоюға зор қызығушылық танытты.