Шанхайда Цзянсу провинциясымен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды

Шанхайда Цзянсу провинциясымен сауда-инвестициялық өзара  іс-қимылдың болашағы талқыланды

Шанхай, 2022 жылғы 10 қараша – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Цзянсу провинциясындағы Қытайдың халықаралық саудасына жәрдемдесу комитеті (ХСЖК) төрағасының орынбасары Цун Суфэн және Ляньюньган қаласындағы (Цзянсу провинциясы) ХСЖК төрағасы Пин Хаошэнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ 2022-2023 жылдары бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады.

Цзянсу провинциясындағы ХСЖК жұмысының негізгі бағыттары Цзянсу провинциясының шет елдермен сауда-инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету, сондай-ақ халықаралық басты орындағы қытайлық және шетелдік кәсіпорындарға жәрдемдесу болып табылады.