Шанхайда Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық семинары өтті

Шанхайда Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық семинары өтті

Шанхай, 2022 жылғы 26 қазан - Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның ҚХР-дағы Өкілдігімен және Шанхай қаласындағы Қытай халықаралық саудасына жәрдемдесу жөніндегі комитетімен (ШХСЖК) бірлесіп Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық семинарын өткізді.

Семинар барысында ШХСЖК-ның, сондай-ақ сыртқы сауда және инвестициялар, энергетика, металлургия, ауыл шаруашылығы, индустрия, жоғары технологиялар, логистика және т.б. салалардағы 40-қа жуық Қытай компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.

Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық семинары барысында Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктері, шетелдік инвестицияларды қолдаудың негізгі шаралары және ҚР-дағы перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.

Жалпы, семинарға қатысқан қытайлық компаниялары өкілдерінің көпшілігі Қазақстанның мүдделі кәсіпорындарымен өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге зор қызығушылық танытты, сондай-ақ келешекте осындай сауда-инвестициялық іс-шараларды көбірек ұйымдастыруға үміт білдірді.