Шанхайда Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктері туралы презентация өтті

Шанхайда Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктері туралы презентация өтті

Шанхай, 2022 жылғы 24 қазан – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның ҚХР-дағы Өкілдігімен және Шанхай халықтық шет елдермен достық қауымдастығымен (ШХШДҚ) бірлесіп «Хунцяо» Импорттық тауарлардың сауда-көрме орталығында Қазақстан-Қытай сауда және инвестициялық семинарын өткізді.

Айта кету керек, «Хунцяо» Импорттық тауарлардың сауда-көрме орталығында алғаш рет осындай халықаралық сауда және экономикалық іс-шара өткізілді.

Семинарға ШХШДҚ және Цзясин қ. (Чжэцзян пров.) Халықтық шет елдермен достық қауымдастығының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Қытайдың 10 танымал сыртқы сауда, құрылыс, энергетика, агроөнеркәсіптік және индустриялық компаниялары қатысты.

Қазақстан-Қытай сауда және инвестициялық семинары барысында Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктері, шетелдік инвестицияларды қолдаудың негізгі шаралары және ҚР-дағы перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.

Өз кезегінде қытайлық компаниялардың өкілдері семинарға қатысушыларды өздерінің негізгі қызметімен таныстырып, қазақстандық кәсіпорындармен өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға зор қызығушылық танытты.

Шанхай халықтық шет елдермен достық қауымдастығы үкіметтік емес ұйым болып табылады, оның қызметі Шанхай халықтары мен шет елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық алмасуларды дамытуға бағытталған.