Қазақстанның Бас консулы Р.Рахимов ҚХР құрылуының 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Қазақстанның Бас консулы Р.Рахимов ҚХР құрылуының 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Шанхай, 2022 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Халық үкіметі ұйымдастырған ҚХР құрылуының 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Аталған іс-шара Шанхай қаласының қала құрылысы көрме орталығында өтті.

Айта кету керек, салтанатты шараға Қытай тарапынан 12-ші шақырылымдағы Шанхай қаласы Партия комитетінің хатшысы Ли Цян, 12-ші шақырылымдағы Шанхай қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласы Халық үкіметінің төрағасы Гун Чжэн, 12-ші шақырылымдағы Шанхай қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары Чжугэ Юйцзе, Шанхай қ. Халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы Цзян Чжуоцин, Қытай Халық саяси консультативтік кеңесінің Шанхай қалалық комитетінің төрағасы Дун Юнху және басқалар қатысты. Бұл іс-шараға Шанхай қаласында аккредиттелген шетелдік бас консулдықтардың басшылары да қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында 12-ші шақырылымдағы Шанхай қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласы Халық үкіметінің төрағасы Гун Чжэн сөз сөйледі, сондай-ақ Шанхайдың негізгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Шанхай қаласындағы қала құрылысы көрме орталығында таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, онда қала құрылысы мен дамуға арналған түрлі экспонаттар мен модельдер ұсынылды.