Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда Шанхайда өтеді

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда Шанхайда өтеді

2019 жылы 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Еліміздің Конституциясына сәйкес, сайлау құқығынан айырылмаған, шетелде уақытша жүрген Қазақстан азаматтарының барлығы дауыс беруге қатысуға мүмкіндігі бар. ҚР СІМ ұсынысы негізінде, Нұр-Сұлтан қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге 51 шет мемлекеттерде 64 сайлау учаскелері ашылды.

ҚХР Чжэцзян, Цзянсу, Цзянси, Аньхой, Фуцзян провинцияларында және Шанхай қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары Шанхай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратында таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) №294 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлаушылардың тізімі мен тұрған мекені Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне берілген азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде анықталып, ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларда болатын азаматтар туралы ақпарат ескерілуде. Сондай-ақ, жеке шақырулар бойынша шет мемлекеттерде, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген, сол мерзімде консулдық есепке тұрған азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасау мүмкіндігіне ие.

Мекен-жай: ҚХР, Шанхай қ., Лоушангуан көш. 85 (Orient International Plaza), 10 қабат, А1005-1006

Байланыстар: Телефон 8-10-86-21-6275-2838, Факс 8-10-86-21-6275-7300, Электрондық поштасы shanghai@mfa.kz

Сайлау комиссиясының құрамы:

№

Аты-жөні

Учаскелік сайлау комиссиядағы лауазымы

1

Сүлейменов Берік Ерғалиұлы

комиссия төрағасы

2

Сейтақынов Алмас

комиссия төрағасының орынбасары

3

Әліби Әмірбек Ержанұлы

комиссия мүшесі

4

Бейсенов Нұлан Құрманғалиұлы

комиссия мүшесі

5

Утешова Динара Нұрлыбекқызы

комиссия хатшысы