ҚР СІМ жанындағы ССЗИ мен ШХЗА Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған конференция өткізді

ҚР СІМ жанындағы ССЗИ мен ШХЗА Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған конференция өткізді

Шанхай – Пекин – Нұр-Сұлтан – Алматы, 2022 жылғы 9 қыркүйек - Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай және Қазақстан-Қытай ғылыми ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында, 2022 жылғы 9 қыркүйекте «Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа геосаяси жағдайдағы өзара іс-қимыл: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті (онлайн форматта).

Аталған іс-шараны ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты (ҚР СІМ жанындағы ССЗИ), Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы (ШХЗА) және Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулдығы ұйымдастырды.

Конференцияның пленарлық отырысы барысында ҚР СІМ жанындағы ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев, ШХЗА президенті Чэнь Дунсяо, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев (бейне жолдау  форматында) және Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо (бейне жолдау   форматында) құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, конференция барысында ҚР СІМ жанындағы ССЗИ, ШХЗА, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы, Азиялық зерттеулер институты, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Шанхай шет тілдер университеті, ҚХР Коммерция министрлігі жанындағы Қытай халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Чжэцзян қаржы және экономика университеті, ҚХР-дағы «Kazakh Invest» АҚ өкілдігі, Шэньси педагогикалық университеті және Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығының өкілдері сөз сөйледі.

Жалпы айтқанда конференция жылы және достық атмосферада өтті, оның барысында екі елдің «ақыл-ой орталықтары» сарапшылары екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.