Шанхайда Қытай халықаралық импорттық көрме бюросының басшылығымен кездесу өтті

Шанхайда Қытай халықаралық импорттық көрме бюросының басшылығымен кездесу өтті

Шанхай, 2022 жылғы 26 тамыз – Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов Қытай халықаралық импорттық көрме бюросы (ҚХИКБ) Бас директорының орынбасары Лю Фусюэмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Лю Фусюэ 5-ші Қытай халықаралық импорттық көрмесіне (5-10 қараша 2022 ж. Шанхай қ.) дайындық жұмыстары, сондай-ақ аталған көрме аясындағы жоспарланған негізгі іс-шаралар туралы қысқаша ақпарат берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚР Шанхай қ. Бас консулдығы мен ҚХИКБ арасындағы жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

ҚХИКБ ақпараты бойынша, 5-ші Қытай халықаралық импорттық көрме 2022 жылғы 5-10 қарашада Мемлекеттік көрме және конференция орталығында (Шанхай қ.) «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» тақырыбында өтеді.