ҚХР азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің тоқтатылғандығы туралы

ҚХР азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің тоқтатылғандығы туралы

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы
 № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды.