
Шанхай, 2022 жылғы 28 шілде – Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай, ҚХР іскерлік қоғамдастығындағы танымал «World Market» журналының редакциясы Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығымен бірге жасаған «Дөңгелек үстел: Қазақстан экономикасына көзқарас» арнайы бөлімі жарыққа шықты.
Осы басылымның беттерінде оқырмандар Қазақстанның Қытаймен және әлемнің басқа елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық өзара іс-қимылының өзекті үрдістерімен, даму әлеуетімен және перспективаларымен таныса алады.
Арнайы бөлімде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Ш.Нұрышевтің алғы сөзі, сондай-ақ АҚ «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы басшылығымен және Қытайдағы АҚ «ҰК «Kazakh Invest» мен АҚ «ҰК «ҚТЖ» өкілдіктерімен сұхбат шығарылған. Бұдан басқа, бөлімде ҚХР-дағы қазақстандық компаниялар мен қаржы институттарының негізгі өкілдіктерінің байланыс деректері ұсынылған.
«World Market» журналы Шанхай қаласында 1984 жылдан бастап шығарылады және халықаралық сауда мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін жариялауға бағытталған.