19-шы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшылығымен екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды

19-шы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшылығымен екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды

Шанхай, 2022 жылғы 27 шілде – Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулы Рахымжан Рахимов 19-шы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Сю Цзяньфэнмен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн кездесу барысында Сю Цзяньфэн 19-шы Азия ойындарына дайындық барысы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, тараптар екіжақты спорт ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

19-шы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, аталған халықаралық спорттық іс-шара 2023 жылғы 23 қыркүйек – 8 қазанда Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы) өтеді, оған Азияның 44 елінен спорттық делегациялардың қатысуы жоспарланып отыр.