Шанхай шет тілдер университеті жанындағы Қазақстан орталығының басшылығымен мәдени-білім беру ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай шет тілдер университеті жанындағы  Қазақстан орталығының басшылығымен  мәдени-білім беру ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 2022 ж. 22 шілде – Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай шет тілдер университеті  Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия Институты Орталық Азия тілдері факультетінің деканы, сондай-ақ аталған университеттің жанындағы Қазақстан орталығының директоры У Айчжунмен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн кездесу барысында тараптар мәдениет, білім және ғылым салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ бірлескен мәдени-білім беру іс-шараларын өткізу перспективаларын талқылады.

Шанхай шет тілдер университетінің жанындағы Қазақстан орталығы 2015 ж. құрылды, оның негізгі қызметі қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға, сондай-ақ түрлі ғылыми-зерттеу және білім беру іс-шараларын өткізуге бағытталған.