«ZTE» корпорациясының Шанхай ғылыми-технологиялық орталығы басшылығымен екіжақты ынтымақтастық келешегі талқыланды

«ZTE» корпорациясының Шанхай ғылыми-технологиялық орталығы басшылығымен екіжақты ынтымақтастық келешегі талқыланды

Шанхай, 2022 ж. 20 шілде – Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов «ZTE» корпорациясының Шанхай ғылыми-технологиялық орталығының Халықаралық маркетинг директоры Юй Ханмен  және «ZTE» корпорациясының Шанхай ғылыми-технологиялық орталығының коммуникациялық өнімдерді дамыту жөніндегі Бас менеджерінің орынбасары Чао Сюнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

«ZTE» корпорациясы телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу мен өндіру саласында әлемдік танымал көшбасшы болып табылады.