Шанхай, 4 шілде 2022 ж. – Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулы Рахымжан Рахимов Чжэцзян қаржы және экономика университеті жанындағы Қазақстан зерттеу орталығының директоры Юй Мухунмен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай білім және ғылым саласындағы өзара іс-шараларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Чжэцзян қаржы және экономика университеті жанындағы Қазақстан зерттеу орталығы 2018 жылы құрылған және Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық және қаржылық ынтымақтастығын зерттеумен айналысатын Чжэцзян провинциясының маңызды «Ақыл-ой орталықтарының» бірі болып табылады.