Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулдығы жанында құрылған №294 референдум учаскесі ашылды

Қазақстан Республикасының Шанхай қ. Бас консулдығы жанында құрылған №294 референдум учаскесі ашылды

Шанхай, 2022 жылғы 5 маусым – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-де (жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де) Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы жанында құрылған №294 референдум учаскесі ашылды. 

№294 референдум учаскесінде Шанхай қаласындағы, сондай-ақ Цзянсу, Чжэцзян, Аньхуэй, Цзянси және Фуцзянь провинцияларындағы Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.

Шанхай қаласында дауыс берген алғашқы Қазақстандық Шығыс Қытай педагогикалық университетінің докторанты Махсутұлы Қайсар болды.