Ляньюньган порттық қаласында (Цзянсу провинциясы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Ляньюньган порттық қаласында (Цзянсу провинциясы)  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Ляньюньган, 2021 жылғы 18 қазан – Қазақстан-Қытай мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде, 7-ші Қытай (Ляньюньган) Жібек жолы халықаралық логистикалық көрмесі (2021 жылғы 18-20 қазан) барысында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды.

Фотокөрменің ұйымдастырушысы Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы, Ляньюньган қаласы (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасы және Ляньюньган қаласының Қытай әдеби және көркем орталар федерациясы болды. Қазақстандық фотосуреттерді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұсынды.

Фотокөрменің ашылу салтанатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов, Цзянсу провинциясының Шет елдермен достастық халықтық қауымдастығының Вице-президенті Цянь Вэнхуа және Ляньюньган қаласының (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметі Сыртқы істер басқармасының басшысы Хуэй Цянь жылы лебізін білдірген сөз сөйледі.

Фотокөрме қонақтары табиғи ландшафтардың байлығымен, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті және дәстүрлерімен таныса алады. Сондай-ақ, әйгілі қытайлық фотографтардың Ляньюньган сәулеті мен тұрғындарының күнделікті өміріне арналған жұмыстары ұсынылған.

«Ляньюньган: Қазақстан мен Қытайдың достық және ынтымақтастық қақпасы» атты фотокөрменің ашылу салтанатына Ляньюньган қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасының, Цзянсу провинциясы мен Ляньюньган қаласы Шет елдермен достастық қауымдастықтарының, Ляньюньган қаласы Әдеби және көркем орталар федерациясының, сондай-ақ Қытай іскер топтары мен БАҚ басшылықтары мен өкілдері қатысты.

Іс-шараға қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының ұлттық компаниялары мен коммерциялық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Фотокөрменің ашылу рәсімі жылы және достық атмосферада өтті. Сары теңіздегі маңызды теңіз порты және Қытайдың Қазақстанмен ірі көліктік-логистикалық сауда хабы болып табылатын Ляньюньган қаласының Әкімшілігі екі ел мен халықты одан әрі жақындастыру үшін бірлескен жаңа мәдени-гуманитарлық іс-шараларды ұйымдастыруға ашық екендігін білдірді.