Ханчжоу, 2021 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы «Kazakh Invest «ҰК» АҚ-ның ҚХР-дағы Өкілдігімен бірлесіп, қытайлық ірі автомобиль жасау концерндерінің бірі болып табылатын «Geely Automobile International Corporation» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.