ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Шанхай, 2021 жылғы 26 тамыз – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының (ҚР СІМ жанындағы ССЗИ) Басқарма Төрағасы Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев пен Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының (ШХЗА) Президенті Чэнь Дунсяо онлайн кездесу барысында ҚР СІМ жанындағы ССЗИ мен ШХЗА арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға ҚР СІМ жанындағы ССЗИ, ШХЗА және ҚР-дың Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері қатысты.

Онлайн кездесу барысында жоғарыда аталған «ақыл-ой орталықтарының» басшылары екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға байланысты мәселелердің кең ауқымы бойынша терең пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қарым-қатынастарды қолдауға келісті, сондай-ақ жақын келешекте түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша бірлескен онлайн іс-шаралар өткізуді жоспарлады.

Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы 1960 жылы құрылған және Қытайдың ірі «ақыл-ой орталықтарының» бірі болып табылады, әлемдік саясат пен экономика, дипломатия және жаһандық қауіпсіздік салаларындағы қазіргі заманғы үрдістерді зерттеумен айналысады. Оның құрамына іс жүзінде әлемнің барлық өңірлерін һәм әлемдік саясат пен дипломатияның «жаңа шекаралары» деп аталатын – ғарыш, киберкеңістік, теңіз мәселелерін және т.б. зерттейтін түрлі ғылыми-зерттеу институттары кіреді.