Шанхай, 2021 жылғы 9 тамыз – Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Халық үкіметі Коммерция комитетінің төрағасы Гу Цзюньмен кездесу өткізді, кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Шанхай қ. Халық үкіметінің Коммерция комитеті атқаратын міндеттердің кең спектріне ие, олардың ішінде атап айтқанда, ішкі және сыртқы сауданы, сондай-ақ халықаралық сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бар.