«QazTrade» АҚ және «Alibaba.com» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«QazTrade» АҚ және «Alibaba.com» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Ханчжоу, 2021 жылғы 3 тамыз – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы («QazTrade» АҚ) Бас директоры А.Асқарұлы және «Alibaba.com» Бас менеджердің орынбасары, «GGS Alibaba.com» Бас менеджері Чжэн Хань онлайн режимде «QazTrade» АҚ мен «Alibaba.com» арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Аталған меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстанның Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Төребаев, «Alibaba Group» Вице-президенті, «Alibaba.com» Бас менеджері Чжан Ко және Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Р.Рахимов қатысты.

«Alibaba.com» әлемнің 190 еліндегі 160 миллионнан астам сатып алушылар мен жеткізушілерге қызмет көрсететін көтерме саудаға арналған  халықаралық В2В («business to business») платформасының көшбасшысы болып табылады.