Нанкин, 2021 жылғы 24 маусым – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында Қытайдың ірі өнеркәсіптік, инновациялық және көліктік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылатын Цзянсу провинциясына жұмыс сапарымен барды.
Нанкинде Қазақстанның Бас консулы Цзянсу провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Хуэй Цзяньлинмен, Цзянсу провинциясының Халық үкіметі Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Лю Цзяндунмен, Цзянсу провинциясының Халық үкіметі Денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитетінің инспекторы Ци Айпинмен және Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитетінің төрағасы Инь Цзяньцинмен кездесулер өткізді.
Аталған кездесулер барысында Қазақстан мен Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация 34-ші Халықаралық электромобильдік өнеркәсіп «EVS 34» симпозиумына қатысты.