Шанхай, 2021 жылғы 11 маусым – Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың танымал әдеби және музыкалық шығармаларын таныстыру мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы Шанхай кітапханасымен бірлесіп, Бірінші Абай оқуларын өткізді.
Абай оқуларының ашылу салтанатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов пен Шанхай кітапханасының директоры Чэн Чао құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы Шанхай кітапханасының кітап қорына Абай Құнанбаевтың шығармаларының (қытай тілінде) жинақтарын тапсырды.
Сонымен қатар, белгілі қытай жазушысы және Абай Құнанбаев шығармаларының аудармашысы Акбар Мажит Шанхайдағы алғашқы Абай оқуларына қатысушыларға құттықтау бейнежолдауын жолдады. Өз кезегінде, қытай тарихшысы және саясаттанушысы Азат Изоллаұлы осы іс-шараға қатысушыларды құттықтап, Абай Құнанбаев поэмасынан үзінді оқыды.
Абай оқуларының бағдарламасына Қазақстан, Қытай және Ресей азаматтары әлемнің түрлі тілдерінде орындаған Абай Құнанбаевтың танымал әдеби және музыкалық шығармалары енді. Бұл ретте, қытай әншісі Лин Бао мен ресейлік әнші Николай Шамов Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» және «Айттым сәлем Қаламқас» атты атақты шығармаларымен қазақ тілінде өнер көрсетті. Сонымен қатар, қытайлық ғалым Чжан Шань домбыра мен сыбызғыда асқан шеберлікпен өнер көрсетті.
Жалпы, бірінші Абай оқулары осы іс-шараға қатысушыларды Абай Құнанбаевтың танымал шығармаларымен жақынырақ таныстыруға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Шанхай саяси ғылымдар және құқықтану университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының профессоры Ли Синнің айтуынша, Абай Құнанбаевтың шығармаларында терең мағына бар және өткен әдеби кеш барысында ұлы Абайдың музыкасы мен сөздерін түпнұсқасында тыңдауға жақсы мүмкіндік берілді.
Өз кезегінде Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры, профессор Пан Давэй Шанхайда алғаш рет өткізілген Абай оқулары Абай Құнанбаевтың атақты шығармаларын жақсырақ білуге әдемі мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, аталған іс-шара Қазақстан-Қытай мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Шанхай шет тілдер университеті Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты Орталық Азия тілдері факультетінің деканы У Айчжун Шанхайда алғаш рет өткізілген Абай оқулары қазақтың ұлы ақыны, композитор және философ Абай Құнанбаевтың шығармаларын жақсы білуге мүмкіндік бергенін баса айтты. Сонымен қатар, ол болашақта бірлескен мәдени-білім беру іс-шараларын өткізуге дайын екендігін білдірді.
Қытай тарихшысы және саясаттанушысы Азат Изоллаұлы Абай оқулары алғаш рет Қытайдың ірі мәдени және экономикалық орталығы – Шанхайда өткізілгенін атап өтті. Шанхай кітапханасында өткен осы әдеби кештің арқасында қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаевтың атақты музыкалық және әдеби шығармаларын жақсырақ білуге бірегей мүмкіндік берілді.
Бірінші Абай оқуларына Шанхай қ., Чжэцзян провинциясы, Нинбо қ. (Чжэцзян провинциясы) халық үкіметтерінің сыртқы істер басқармаларының, Шанхай шет елдермен достық қауымдастығының және Шанхай қ. Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Аталған әдеби-музыкалық кешке Шанхайдың Қоғамдық ғылымдар академиясы, Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы, Шанхай саяси ғылымдар және құқықтану университеті, Шығыс-Қытай педагогикалық университеті және Шанхай шет тілдер университеті сияқты Шанхайдың ірі ғылыми-білім беру орталықтарының өкілдері де қатысты.
Сонымен қатар, Абай оқуларына Шанхайда тұратын қазақстандық азаматтардың, сондай-ақ ұлты қазақ Қытай азаматтарының өкілдері қатысты.
Жалпы, Шанхайдағы Абай оқулары жылы және достық атмосферада өтті. Шанхай кітапханасының басшылығы болашақта осындай мәдени-гуманитарлық және білім беру іс-шараларының көптеп ұйымдастырылатынына үміт білдірді.