Шанхай, 2021 жылғы 31 наурыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Қазақстан мен Цзянси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Наньчан қаласында (Цзянси провинциясы) болды.
Наньчанда болу барысында Қазақстанның Бас консулының Цзянси провинциясы Халық үкіметі төрағасының орынбасары Чэнь Сяопинмен, Цзянси провинциясы Халық үкіметі Сыртқы істер басқармасының басшысы Чжао Хуэймен және Цзянси провинциясы Қытай Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитетінің төрағасы Лю Юймен кездесті. Осы кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Цзянси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, қазақстандық делегация Цзянси провинциясы Халық үкіметі Сыртқы істер басқармасының Көрме залының ашылу салтанатына қатысты.