
Шанхай, 2021 жылғы 19 наурыз – ҚР мен ҚХР арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимовтың Шанхай халықтық шет елдермен достастық қауымдастығының Президенті Ша Хайлинмен кездесуі өтті.
Шанхай халықтық шет елдермен достастық қауымдастығы үкіметтік емес ұйым болып табылады, оның негізгі міндеттері Шанхай және бүкіл әлем халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту, өзара тиімді алмасулар мен ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету және бірлескен дамуды қолдау болып табылады.
Кездесу барысында Шанхай халықтық шет елдермен достастық қауымдастығы мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.