Шанхай, 2021 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы Наурыз мейрамын мерекелеу шараларын ұйымдастырды, оған Шанхайда тұратын қазақстандық азаматтардың, сондай-ақ ұлты қазақ Қытай азаматтарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында екі елдің балалары мен азаматтарының, сондай-ақ өздерінің бейне құттықтауларын жіберген қазақстандықтардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл ретте, «тұсау кесу», «асық ату» және «арқан тарту» сияқты халықтық дәстүрлер мен ойындар көрсетілді. Сонымен қатар, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында балалар шахмат турнирі және балалар сурет байқауы өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша балаларға Шанхайда Наурыз мейрамын тойлауға белсенді қатысқаны үшін құрмет грамоталары табыс етілді.